15 жобаны іске асыру жоспарлануда

0

«Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1300 жұмыс орны құрылатын 137 млрд теңгеге 15 жобаны іске асыру жоспарлануда. Облыс аудандарында «Меркі», «Құлан», «Сарысу-1» және «Сарысу-2» субаймақтарын 180 гектарға құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл субаймақтарда әрбір аудан ерекшелігіне байланысты орта және шағын кәсіпорындар ұйымдастырылатын болады.

«Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында шағын орта бизнесті қолдау үшін өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен заманауи өндірістік жайлардың құрылысы басталды. Бүгінде кәсіпкерлермен инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген жайлардың 30%-ы броньдалған.

2025 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 826 млрд тенгені, тікелей шетел инвестициясы 86 млн АҚШ долларын құрап, 144 млрд теңгеге 30 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.