«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31,37 баптарына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қордай ауданына қарасты барлық елді мекендер мен олардың айналасындағы аумақтарда санитарлық тазалықты және көшелерді, алаңдарды, саябақтарды, гүл бақтарын, су айдындары мен адамдар жүретін басқа да орындарды көріктендіру, автомобиль жолдарының бойындағы орман жолақтарының жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу мақсатында, Қордай ауданында 2026 жылдың 1 қыркүйегі және 1 қараша аралығында күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы өткізілсін;
- Қордай аудандық күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлығының шұғыл басқару штабы осы қаулының қосымшасына сәйкес құрылсын;
- Елді мекендер күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру ауданда екі айлық абаттандырудың өткізілуі туралы жадынама тарату ауылдық округтер әкімдеріне жүктелсін;
- Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қордай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы (М.Асаров) (келісім бойынша) су жүйелері, қоғамдық тамақтандыру, базарлар нысандарының және балалар мекемелерінің, тамақ өнеркәсібін бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын;
- Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы (А.Алимхожаев) кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, өз нысандарының, кеңселерінің, павильон және олардың аймақтарын ретке келтіру жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;
- Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы (Т.Қабылтай) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы екі айлықтың өту барысы және қорытындысы туралы ақпаратты дайындауды қамтамасыз етсін;
- Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (А.Абсеитов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін;
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қордай ауданының әкімі Б. Болатбеков