2025 жылы Әулиеата ауданына қарасты «Ақжол», «Мичуринец», «Қайнар», «Родничок» тұрғын алқаптарында ауыз су жүйесінің құрылысы толық аяқталып, жобалар бойынша оң сараптама қорытындысы алынды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Қазіргі таңда нысандарды мердігер мекемеден қабылдау және тұрғындарды абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ «Бектөбе» тұрғын алқабында 1 630 үйге ауыз су құбыры тартылып, 1 750 аула сапалы ауыз сумен қамтылды. Ал «Қызылшарық» тұрғын алқабындағы 260 аулаға ауыз су жүйесі жеткізілді.