Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жаңа нысандардың құрылысы жалғасып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсартуға басымдық берілді. Сонымен қатар салада әлі де шешімін қажет ететін мәселелер бар.
Қазіргі таңда облыстың медициналық ұйымдарында 15 839 медицина қызметкері еңбек етеді. Соған қарамастан мемлекеттік медициналық ұйымдарда 100 дәрігерге қажеттілік бар. Оның 60-ы ауылдық елді мекендерге тиесілі.