21 мамыр – Мәдениет қызметкерлері күніне орай Қордай аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды.
Мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен жемісті еңбегі үшін мекеме қызметкерлері “Amanat” партиясы Қордай аудандық филиалының басшысы Б. Жамангөзовтың Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл – мәдениет саласында аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың қажырлы еңбегіне көрсетілген зор құрмет. Өнер мен руханиятты дамыту жолындағы еңбектеріңіз әрдайым елене берсін!
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, толағай жетістік және мықты денсаулық тілейміз! 💐