4 ақпан – онкологиялық ауруларға қарсы күрес күні

0

Жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі.
Осыған орай Қордай аудандық орталық ауруханасында 1-10 ақпан аралығында «Онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау жөніндегі онкүндік» науқаны басталды.
Онкүндік шеңберінде қатерлі ісік ауруларының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша халық пен медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру, сондай-ақ тұрғындарды скринингтік тексерулерден уақтылы өту қажеттілігі туралы хабардар ету жөніндегі іс-шаралар өткізілуде.
Мәселен, 2-3 ақпанда Қордай ауданының МСАК ұйымдарында мамандарды тарта отырып, «Ашық есік» күндері өтсе, «Денсаулық мектептерінде» өзін-өзі бағалау, өзін-өзі түзету және өзін-өзі бақылау әдістемелерін оқыту бойынша сабақтар ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.