81 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды

0

22 желтоқсанда Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 34 мекемеден түскен 81 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде:
Білім саласы бойынша 25 бос жұмыс орны, денсаулық сақтау бойынша 14 бос жұмыс орны, әртүрлі жұмыстар бойынша 41 бос орнын. Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 2 мекеме қатысты.
Нәтижесінде 30-дан астам азаматтың ішінен 12 азамат тұрақты жұмысқа, 6 азамат жастар практикасына жолданды және барлық жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.
Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқудың, «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқудың, мемлекеттік қайтарымсыз грант берудің шарттары туралы және солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.