Гвардейск гарнизонындағы30212 әскери бөліміндеартиллерия әскерлері әскери мектебінің жеке құрамыштаттық снарядпен оқ атуды жүргізді.
Әскери бөлімнің кіші мамандар даярлайтын Артиллерия әскерлері әскери мектебінің курсанттары 120 мм 2Б11минамётімен және 122 мм
Д-30 зеңбірегімен 1а тапсырмасын іс-жүзінде орындап шықты.Іс жүргізу сабағында барлық есептоп жеке құрамы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оқ-атуды жаттығудың шарттарына сәйкес жүргізді. Атыс сабағында жеке құрам білімдерін шыңдап, дағдыларын арттырды.
– Біз 1а тапсырмасын орындаудамыз. Есептоп құрамы өз іс-әрекеттерін жақсы біледі. Бұл іс-жүзіндегі білімімізді алда болатын оқу-жаттығуларда көрсетеміз деп ойлаймын. Қару-жарақтың қыр-сырын үйреткен офицерлер мен сержанттарға алғысымыз шексіз. Мен Қарулы күштердің қатарында өз борышымды өтеп жүргеніме қуаныштымын, – деді есептоп командирі қатардағы жауынгер Әлішер Сматов.
Аталған әскери бөлімде оқу-тәрбие жоспарына сәйкес жауынгерлік дайындық сабақтары тиісті деңгейде жүргізіліп келеді. Оқу процесі барысында әдістемелік құралдар тиісінше пайдаланылып, курсанттардың тәртібі мен білім сапасына жақсы көңіл аударылады.
Оқу процесі аяқталған соң курсанттар кіші маман сертификатын алып, Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әскери бөлімдерінде қызметтерін жалғастыратын болады.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі