«Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы Қордайда жалғасуда

0

2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жамбыл облысында жүзеге асырылған «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы республикадағы жемісті жобалардың бірі болып танылды. Аталған жоба аясында құрылған жұмысшы топтар 2020-2021 жылдары ауданымызда жемісті жұмыстар атқарып, оң нәтиже көрсетіп келеді.
Жоба аясында құрылған «Этнос және конфессияаралық келісім» тобы, «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» тобы, «Құқық қорғау саласы» тобы 12-13-14 қыркүйек күндері Қордай ауданында 176 іс-шара өткізіп, 30 елді мекендегі 12 мыңға жуық тұрғынды қамтуды жоспарлауда. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарымен бірге 40 мекеме мен органның басшылары және өкілдері мемлекеттік қолдаулар мен кәсіп ашуға арналған жеңілдігі бар бағдарламаларды іске асыру барысын түсіндіретін болады.
Жұмыс тобының алғашқы іс-шарасы аудандық актив отырысынан басталып, аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы жобаның маңыздылығы мен алдағы атқарылатын шаралар жайында баяндап өтті.
Жиыннан соң топ жетекшілері мен сала басшыларына Қордай ауданы әкімдігінің үйлестіруші салалық бөлім басшылары өз бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстарды таныстырды.
Аудан аумағында ұйымдастырылған іс-шаралар жергілікті БАҚ беттерінде күнделікті жарияланатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.