ӨЗ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

0

Жас мамандар университетті немесе колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмыс таба алмай жүріп қалатыны белгілі. Өйткені, жұмыс берушілер әдетте тәжірибесі бар кадрларға басымдық береді. Осы орайда, оқу орны түлектерін қолдау мақсатында елімізде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Мәселен, жас маман Айгүл Жұмағұлова 2018 жылы «Тараз- Болашақ» колледжін «Медбикелік іс» мамандығы бойынша аяқтаған. Бірден мамандық бойынша жұмыс табыла қоймады. 2022 жылы шілде айында Айгүл «Халықты жұмыспен қамту орталығына» жұмыссыз болып тіркеліп, Қордай ауданының орталық ауруханасына жолдама алды. Бүгінгі күні жас маман өзі оқыған мамандығы бойынша еңбек етуде.
«Алғашқы жұмыс орнының» шарты бойынша бірінші рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар жобада бағын сынай алады.

ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАР ОҚУҒА ЖОЛДАНДЫ
Қордай ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» 2022 жылы, 2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Ұлттық жобаны» іске асыру мақсатында, маусым айында № 7 Бетқайнар колледжіне «Тігін өндірісі», «Дәнекерлеу ісі» және «Ауыл шаруашылығындағы тракторшы-машинист» мамандықтарына 50 жұмыссыз азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдады. Оқуын аяқтаған азаматтар мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.