БЮДЖЕТКЕ ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР БІРАУЫЗДАН МАҚҰЛДАНДЫ

0

26 қыркүйек күні «AMANAT» партиясынан депутат, Қордай аудандық мәслихатының хатшысы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихат сессиясы өтті, оған депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында Қордай аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджеті» туралы 2021 жылғы 27 желтоқсандағы 18-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралды. Аталмыш мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиеваның баяндамасы тыңдалды. Депутаттар енгізілетін өзгерістерді бірауыздан мақұлдап, аудандық тұрғын-үй комиссиясының құрамын бекітті. Тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.