СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР КАРТАСЫ

0

23 қыркүйек күні Қордай ауданына жұмыс сапарымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бахтықожаев келді. Шекара қызметінің өкілдерімен жүргізілген семинардан кейін аудан әкімдігінде қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесу өтті.

Ербол Бахтықожаев өз баяндамасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары назардан тыс қалмайтынын алға тартып, келесі бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітіліп, агенттікпен облыс халқын толғандыратын неғұрлым проблемалық сұрақтарды және қоғамдық резонанс тудыратын мәселелерді қамтитын Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы әзірленгенін жеткізді.
Сонымен бірге, баяндамашы карта қоғамның жаңа сұраныстарына және өңірдегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отыратынын ескеріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жоспарлауға 5 жоба негізгі көз ретінде назарға алынғанын атап өтті. Олар автокөлік жолы, инфрақұрылым, тұрғын үй мен құрылыс және жер телімін бөлу, бағаның көтерілуі, олигополия. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте шаралардың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
-Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері, Сіздерді аталған проблемалық мәселелерді қамтитын шараларға атсалысуға шақырамыз. Сонымен қатар, тағы бір маңызды мәселе – жыл бойы 3-тен көп рет негізсіз себеппен қоғамдық кеңес отырыстарына қатыспаған қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттігін тоқтату қажет деп санаймыз, — деді Е.Бахтықожаев.
Жиын барысында баяндамашы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған шаралар маңыздылығын атап, жиын қатысушыларын «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобаларын іске асыру жұмыстарын уақытылы жүргізуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.