ЗАҢСЫЗ МИССИОНЕРЛІККЕ ЖОЛ ЖОҚ

0

Дәстүрлі дін исламның құндылықтарын дәріптеу, халықтың діни сауатын арттыру мақсатында құрылған аудандық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жергілікті тұрғындармен жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Осы мақсаттағы кездесулер Ауқатты, Сортөбе және Масаншы ауылдарында өтті.
Онда топ мүшесі Шерниязов Ғалымжан және Жамбыл облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығының Қордай ауданы бойынша инспекторы Батырхан Шапағат аталған ауыл тұрғындарымен кездесіп, сұрақ-жауап форматындағы жиын өткізді.
Кездесу барысында миссионерлік қызметпен айналысу және заңсыз білім беру анықталған жағдайда қолданатылатын шаралар жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
-Елімізде Заң бойынша өңірлердегі Дін істері басқармаларынан тіркеуден өткен миссионерлер ғана діни ілімдерді таратуға құқылы. Кез-келген азамат көшеде, қоғамдық көліктерде, аялдамада немесе басқа да қоғамдық орындарда (базарда, жатақханада, сауда-cаттық орталықтары және т.б.) қандай да бір діннің артықшылығы туралы уағыз насихат жұмыстарын жүргізе алмайды. Діни насихат жүргізген адам заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан болып, заң бойынша жауапқа тартылады,- деп атап, бірнеше фактілерді келтіріп өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.