БӘРІНЕ БІРДЕЙ МҮМКІНДІК

0

Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдап, Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңаша қадамға жол салды. Осы саяси жаңғыру экономикалық өзгерістерге жалғасты. Біз оны Қазақстан Президентінің халқымызға арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауынан анық көріп отырмыз. Құжат жарияланғаннан бері жұртшылық талқысына түсіп, кең қолдау тапты. Мемлекет басшысы бұған дейінгі Жолдауында саяси реформаға мән берсе, осы жолы әлеуметтік-экономикалық дамуға баса назар аударды.

Президент өз сөзінде: «Біз «Азамат-бизнес-мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады» дей отырып, осы бағытта нақты жүзеге асатын реформалардың бес бағдарын ұсынды.
Осы бағытта Президент макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру туралы нақты айтты. Осыдан-ақ шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру кезек күттірмейтін уақыт талабы екенін түсіндік.
Сонымен қатар маңызды құжатта жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары ретінде жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту, бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру, сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу туралы жан-жақты сарапталған. Бір жағынан, экономиканың тұрақты өсуі салық саясатына тікелей байланысты. Мемлекет басшысы фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленіп, жұмыс барысында бетпе-бет кездесу мүлдем болмайтындай етіп, салықтық бақылау қызметін толық цифрландыру керектігі айтылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы салық реформасы туралы айта келіп, соның аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізу туралы сөз қозғады.
Жолдаудағы екінші: нақты секторларды дамыту бағдарында ауыл шаруашылығы саласына арнайы тоқталған. Шын мәнісінде, қазір елімізде бұл саланы айтарлықтай дамыту үлкен проблемаға айналып отырғаны рас. Өйткені осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен оның қосымша құнын арттыру стратегиялық міндетіміз екендігін мәлімдеді. Сонымен бірге үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс және оған бөлінген бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек екенін жеткізді. Енді мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді.
Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын» деді.
Жолдау ел дамуына тың серпін беріп, жұртымызды жаңа саяси дәуірге бастап, жақсылыққа жетелейді деп сенемін.
Нұржан МОЛДАБЕКОВ,
зейнеткер, ауданның ауылшарушылығы саласының ардагері

Leave A Reply

Your email address will not be published.