Аудандық мәслихат депутаттары және ақпараттық топ мүшелері «Техногранит — KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, онда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ.БІРТҰТАС ҰЛТ.БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын талқыланды. Жолдауда айтылған бес басым бағдарда көрсетілген мәселелердің маңыздылығын түсіндіріп, Мемлекет басшысының бастамаларының халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға және еліміздің құқық қорғау саласын жетілдіруге бағытталып отырғандығын жеткізді.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында өнеркәсіпті реттеу және қолдау мәселесі бойынша Қордай электр тарату желісінің ұжымымен қоғамдық пікір көшбасшыларының кездесуі өтті. Шара барысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы айтылды. Сонымен қатар, қоғамдық пікір көшбасшылары жолдаудың маңызын, басым бағыттарын қысқаша баяндап, жолдауға байланысты өзіндік тұжырымдамаларын, жаңа реформада еліміздің дамуына бағытталған көптеген жақсы өзгерістер бар екендігін айтып өтті. Жиын соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, Президенттің бастамаларын қолдайтындықтарын жеткізді.
КӨҢІЛДЕН ШЫҚҚАН КЕЗДЕСУЛЕР
Next Post