АКАДЕМИККЕ ҚҰРМЕТ

0

Физика-математика ғылымдарының докторы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, жерлесіміз Мұхтарбай Өтелбаевтың 80 жас мерейтойына арналған жиын аталмыш университеттің Механика-математика факультетінің үлкен залында өтті.
Академикті арнайы құттықтауға Қордай ауданынан бір топ азаматтар шығып, профессорға құрмет көрсетіп қайтты. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Үрістемов, Жамбыл облысы және Қордай ауданының Құрметті азаматы Төле Сүгірбай, ардагер журналист Құрманбек Әлімжан және әйгілі математиктің туған ауылынан шыққан азаматтар салтанатты шараға қатысып, аудан әкімі Мәден Мұсаевтың ыстық сәлемін жолдап, академикке «Қордай ауданына сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісін тағып, қазақи дәстүрмен иығына шапан жауып, туған жердің, жерлестерінің ыстық ықыласын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.