Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде 2022 оқу жылының қорытындысы бойынша сынақтар тапсыруда.
Қорытынды тексерудің мақсаты жеке құрамның машығын, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі деңгейін тексеру, қойылған тапсырмаларды пысықтау, жауынгерлік даярлық пен үйлесімділіктің деңгейін бағалау болып табылады.
Әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, саптық, дене шынықтыру және тағы басқа жауынгерлік дайындықтың негізгі түрлерінен сынақ тапсырады. Оқу-жаттығу полигондарында әскери қызметшілер атыс қаруынан оқ ату бойынша шеберліктерін көрсетеді. Сондай-ақ, БМП жаяу ұрыс машинасы мен Т-72 танк қару-жарағынан штаттық снарядпен жауынгерлік оқ атумен тактикалық іс-қимылдарын пысықтайды. Қорытынды тексеруде әрбір әскери қызметші жеке бағаланады.
— Гарнизонда әскери бөлімдердің жеке құрамы қорытынды тексеруден өтуде. Қорытынды тексеруде әрбір әскери қызметші жоғары нәтиже көрсетуі тиіс. Тексерудің нәтижелері бойынша жауынгерлік сайыстың үздіктері анықталып, марапатталатын болады, – деді Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Ержан Мейрманов.
Айта кетерлік, Қарулы күштерде жылдық қорытынды шығарылған соң келесі оқу кезеңіне міндеттер айқындалатын болады.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі