Әлеуметтік жұмыс орнын құру

0

Ауданымызда кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға бағытталған, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту мақсатында іске қосылған мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына баса назар аударылып келеді. Солардың бірі – әлеуметтік жұмыс орнын құру.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрады.
Осы орайда, Қанат Қарабаев аудандық жұмыспен қамту орталығына жыл басында қайырылып, жұмыссыздар қатарына тіркелген болатын.
Көп ұзамай 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында аталған азаматты өз қалауымен Әлеуметтік жұмыс орнын ашқан «Чайзат» ШҚ-ға жұмысқа жолданды. Аталған азаматқа жалақының белгіленген мөлшерінің 35%-ы мемлекет, қалған 65% жұмыс беруші тарапынан төленіп жатыр. Яғни бұл бағдарлама жұмыс іздеп жүрген және жұмыс берушілер үшін де өте қолайлы.
Сонымен қатар, аудан көлемінде 2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Ұлттық жоба» да сәтті жүзеге асуда. Мәселен, Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 2022 жылдың маусым айында 7 Бетқайнар колледжіне «тігін өндірісі», «дәнекерлеу ісі» және «ауыл шаруашылығындағы тракторист-машинист» мамандықтарымен 50 жұмыссыз азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдаған болатын. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған осы азаматтар мамандықтары бойынша жуырда тұрақты жұмысқа орналастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.