ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

0

Л. есімді азамат пробация қызметінің есебінен қасақана жалтарғаны үшін Жамбыл облысы Қордай аудандық сотынын 22.09.2022 жылғы қаулысына орай, бас шарасын қамаққа алу бойынша қаулы шығарылды.

Л. есімді сотталғанға есепке алу барысында оған құқықтары мен міндеттері және жаза өтеу тәртібі, түсіндірілді. Алайда сотталған Л. өзіне тиісті нәтежие шығармай қасақана пробациялық бақылаудан жалтарды. Сот қаулысына орай сотталған Л. Алматы қаласы Наурызбай ауданы ПБ қызметкерлерімен жүргізілген іздестіру нәтижесі бойынша сотталған Л. қамаққа алынды. Жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға сотқа пробация тарапынан ұсыным жолданды. Ұсыным қанағаттандырылатын болса сотталған Л. қалған жазасын түзеу мекемесінде өтейтін болады.
Д.ӘБДІҚАДЫРОВ, Қордай аудандық ПҚ бөлім инспекторы әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.