Ағымдағы жылдың 22 қазанында «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Қордай аудандық қоғамдық штабының ашылу салтанаты өтті.
Жиынның ашылуы барысында Қордай аудандық штаб төрағасы Қордай аудандық партия филиалы атқарушы хатшысы Күзербаев Мырзағали Ыстыбайұлы сөз бастап, аудандық қоғамдық штабтың ашылуын жариялады. Аудандық штабтың құрамымен таныстырып, штаб жұмысын бастауға толық дайын екенін және науқанды ойдағыдай атқарамыз деген сенімін білдірді.
Аудандық қоғамдық штабтың құрамына Халықтық коалицияға кіретін партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді мүшелері енгізілгендігін атап өтті. Атап айтқанда, аудандық ардагерлер кеңесiнiң мүшесі, «Ақжол» партиясының өкілі, спорттық ұйымның өкілi, және партияластарымыз бен ешқандай партия құрамында жоқ ниеттес адамдар, барлығы 34 адам. Штаб төрағасы М.Күзербаев отырыста штаб мүшелеріне атқарылатын іс-шаралардың жоспарлы жұмыстарын таныстырып, Халықтың коалиция арқылы Президенттiкке Қ.К. Тоқаевты ұсыныс жасалғаны туралы айтты. Үгiт — насихат жұмыстары бiрiгiп жасайтындығы баяндады. Барша штаб мүшелеріне сәттілік тілеп, белсенді болуға шақырды.
Отырыстың аяғында үгіт насихат жұмыстарын жүргізілуге байланысты нұсқаулықтар таратылды.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Қордай аудандық қоғамдық штабының ашылу салтанаты өтті
Prev Post
Next Post