Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде

0

Халық коалициясы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың Жамбыл облыстық сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері, сенім білдірген адамдары Л.Буларов және Ә.Қайназарова, аудандық штабтың мүшелері Р.Бедельбаев, С.Аманбаев жастар орталығының ғимаратында сайлауды өткізудің маңыздылығы туралы ауыл жастары, колледж студенттерімен пікірталас алаңын өткізді. Пікірталаста сенім білдірген адамдар кандидаттың өмірбаяны, сайлауалды платформаның идеялары мен бағдарламалық мақсаттары талқыланды. Пікір алмасып болған соң, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Содан кейін сенімді өкілдер сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері, сенім білдірген адамдары Л.Буларов және Ә.Қайназарова, аудандық штабтың мүшелері А.Идыбо, И.Бицаров Масанчи ауылындағы «Гринвилл» ЖШС еңбек ұжымымен тұру форматында үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесуде сенім білдірген адамдар кандидаттың өмірбаяны, сайлауалды платформаның идеялары мен бағдарламалық мақсаттары айтылды.
Кездесу соңында сенімді өкілдер барлықтарын 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.