ЕЛДІГІМІЗДІ ДӘРІПТЕЙТІН КҮН

0

Құрметті аудан тұрғындары! Ардақты ағайын!

Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні – мемлекеттілігімізді нығайтып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін, елдігіміз бен бірлігімізді айшықтайтын қастерлі мереке.

Тәуелсіз еліміз  – ата-бабамыздың асыл арманы, ал оны сақтау мен нығайту – баршамызға ортақ міндет.

Бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси жаңғыру мен ауқымды реформалар жүзеге асырылып, заң үстемдігін нығайтуға, әділетті қоғам қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық берілуде. Осы өзгерістер аясында алдағы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының сайлауы да жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге және өңірлердің дамуына ықпал ететін маңызды саяси науқан болмақ.

Ел дамуының негізі – халықтың бірлігі мен ортақ іске деген жауапкершілігі. Бұл ретте Қордай ауданының тұрғындары да туған өлкенің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.

Алдағы уақытта да ауылдарды көркейтіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және ауданымыздың әлеуетін нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен береке тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қордайымыз гүлденіп, Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын!

Республика күні құтты болсын, қадірлі жерлестер!

 

Құрметпен, Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.