Ақпараттық топ мүшелерінің Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

0

Бүгін ақпараттық топ мүшелерінің Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесуі өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы Президент бастамашылық еткен бағдарламалар мен мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттер болды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде реформалардың нақты бағыттарын белгіледі:

Бірінші. Жаңа экономикалық саясат
Екінші. Нақты секторды дамыту
Үшінші. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция
Төртінші. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту
Бесінші. Заң және тәртіп

Мемлекет басшысы атап өткендей: «Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру аса маңызды. Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз».

Осы бағыттардың ішінде Президент Жолдауының негізгі бағыттары биылғы жылы халықтың әлеуметтік мәселелеріне арналғанын көруге болады. Реформаларды қолдау үшін референдумда дауыс берген халықтың сенімі ақталады. Ақпараттық топ мүшелерінің айтуынша, Жолдауда қазақстандықтардың өмірін жайлы ететін және ертеңгі күнге деген сенімділікті арттыратын бірқатар мәселелердің шешімдері ұсынылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.