ҮГІТ-НАСИХАТ ҚАРҚЫН АЛДЫ

0

«AMANAT» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында Жамбыл облыстық және Қордай қоғамдық штаб мүшелері М.Жинақбаева, З.Махусеев, Л.Буларов, М.Күзербаев және А.Ашимова кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша ауыл шаруашылығы өкілдерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Сенімді өкілдер қазіргі Президенттің саяси таланты мен сауатты басшылығының арқасында бүгін біз еліміздегі тарихи оқиғалардың куәсі болып отырғанымызды атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты Сайлауалды бағдарламасы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ», «ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА» және «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» сынды үш қағидаттан тұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз бағдарламасында кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салалары мен бейбіт елдің ертеңіне қорғаныс болатын әскерімізге баса көңіл бөліп, қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші – жастарға айрықша сенім артатынын жеткізген.
Содан кейін сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері Қордай ауылындағы «Ақсу Қордай» ЖШС еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесуде сенім білдірген адамдар кандидаттың өмірбаяны, сайлауалды платформаның идеялары мен бағдарламалық мақсаттарын түсіндірді. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың ұсынып отырған сайлауалды бағдарламасының екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА-да мемлекет кәсіпкерлікті ынталандыруға және оны қорғауға бар күш-жігерін салатын болады. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалатындығын және бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылатындығын атап өткендігін айтты.
Штаб мүшелері Бетқайнар колледжі №7 ғимаратында үкіметтік емес ұйымдардың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, жастармен «Татулықты сақтаудың негізгі күші» тақырыбында алдағы сайлаудың мәні мен маңыздылығын қолдау мақсатында кездесті. Кездесуде сенімді өкілдер Мемлекет басшысының «Қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші – жастар. Елімізде рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келе жатыр. Олар халқымыздың болашағы жарқын болуына өз үлесін қосуға ұмтылады. Ең бастысы, жас ұрпақ елдік істерге белсене қатысуға дайын. Мағжан ақын айтқан «Мен жастарға сенемін» деген сөзді мен бүгінгі жастарға да айтқым келеді. Біз жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынамыз. Ол үшін жастар саясатын түбегейлі қайта қараймыз. «Жастар үшін» деген қағидаттың орнын «Жастармен бірге» деген қағидат басады», – деген сөзін толық қолдайтындарын жеткізді.
Сайлаушыларды қуатты және әділ Қазақстан үшін – Халық коалициясының кандидаты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үшін дауыс беруге шақырды!

Leave A Reply

Your email address will not be published.