Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу

0

Гвардейск гарнизонында «Айыппұлсыз жыл» акциясы аясында алдын алу шаралары өтті.

Гвардейск өңірлік гарнизоны әскери полиция бөлімінің өкілі ержант Айдос Мырзахметов 30212 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру мақсатында және әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау деңгейін төмендетуге бағытталған «Айыппұлсыз жыл» акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қоғамда жиі орын алатын заң бұзушылықтар мен ұсақ тәртіпсіздіктер, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту және әкімшілік заңнаманың ережелері туралы айтылды.
Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау және әкімшілік жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту мәселесі мен әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тұтқындаулар, айыппұлдар тағы басқа сот шешімдері жеткізілді.
— «Айыппұлсыз жыл» акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әскери қызметшілердің арасында әкімшілік құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында тиісті іс-шаралар атқарудамыз. Бұл жұмыстар әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау деңгейін төмендетуге бағытталды, — дейді әкімшілік тәжірибе бөлімшесі бастығының міндетін уақытша атқарушы сержант Айдос Мырзахметов.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.