Халқымыз жас буынды тәрбиелеудің ел болашағы үшін маңыздылығын ежелден түсінген еді. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» демекші бала тәрбиесі ешқашан өз маңыздылын жоғалтқан емес.
Аудандық «Береке» гуманитарлық-экономикалық колледжінде мұны жақсы түсінеді. Жуырда колледжде «ҚР Қарулы Күштеріндегі қызмет» тақырыбында ашық сабақ өтті. Семинарға полиция қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің, Шекара қызметінің және Қорғаныс істері бөлімінің қызметкерлері қатысқан еді. Ашық сабақты колледж директоры А.Намазова алғы сөзбен ашып, баяндамашыларға сөз берді. Іс-шара барысында қатысушылар ер азаматтардың тәрбиесі, әскерге бару мәселесі бойынша пікір алмасты. Мәселен, шекара және Қорғаныс істері бөлімі офицерлері қазіргі жас жауынгерлердің қызметін өтеу жағдайы туралы айтып берсе, әскерге барып қайтқан колледж түлектері өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті. Ашық сабақ барысында қатысқан студенттер де өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Серғазы МАНАСБАЕВ