2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында, Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту және жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды (бұдан әрі – Оқыту) жұмыс берушілердің меншік нысанына қарамастан олардың сұратуы бойынша ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан аса қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.
Оқытуды өткізу үшін біліктілік пен дағдылардың тізбесі жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылады.
Жұмыссыз оқуды сәтті аяқтағаннан кейін жұмыс беруші оны 10 (он) жұмыс күні ішінде мәлімдеген жұмыс орнына кемінде 12 (он екі) мерзімге жұмысқа орналастырады.
Жұмыссызды жұмыс орнында оқыту кезеңінде жұмыс берушіге оқытудың құнын және жұмыссызға жалақыны (немесе шәкіртақысын) жұмыспен қамту орталығы төлейді.
Қордай ауданы әкімдігінің
«Халықты жұмыспен қамту орталығы»,
тел: 4-84-96
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту
Prev Post
Next Post