АНЫҚТАМАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

0

Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына негізделеді және осы қағиданың 1 — қосымшаға сәйкес архивтік анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелерін беру қызметі тікелей мемлекеттік архив, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтi электронды түрде алу:
www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы қызмет көрсету үшiн ұстанылуға тиiс алғашқы жағдайлар:
Өтiнiш берушi «Электронды үкiмет» порталына тiркеліп және қызметтi электронды түрде алу үшiн ХҚКО арқылы электронды-цифрлық қолтаңба алуы тиiс.
1.«Кiру» — порталда авторизациядан өту (ЖСН және 6 символдан тұратын құпиясөз енгiзу);
2.Қызмет түрiн таңдап алу;
3.Онлайн қызмет түрiне тапсырыс беру;
4.Қажет жолдарды толтыру, сонымен бiрге қажет құжаттарды беру;
5.Сұраныс жiберу;
6.Электронды цифрлы қолтаңбамен қол қою (ЭЦҚ);
7.Архивтiк анықтама, архив құжаттарының көшiрмелерiн немесе үзiндiлерiн, немеесе қызмет көрсетуде бас тарту туралы дәлелдi жауабын электронды түрде алу.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Өтiнiш беру кезiнде қажет құжаттардың тiзбесi:
1.Растауды қажет ететiн мәлiметтер көрсетiлген өтiнiш (хат);
2.Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшiрмесi немесе өзге тұлғаның нотариалды куәландырылған сенiмхаты.
Бар болған жағдайда өтінішке сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері қоса беріледі.
Архив кеңсесiнде құжат тiркелгеннен бастап 11 жұмыс күн iшiнде архивтік анықтамалар мен архивтік көшірмелер дайындалады.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан астам кезеңнiң құжаттарын зерделеу себептері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады және бұл туралы көрсетiлетiн қызметтi алушыға 2 (екі) жұмыс күні iшiнде хабарлама дайындалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде. Орындалу мерзімі — 11 жұмыс күні. Көрсетілетін қызмет – тегін.

Р.НАМАЗАЛИЕВ, Қордай ауданының мемлекеттік
архивінің қызметшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.