АЛДА АЯЗДЫ КҮНДЕР КҮТІЛУДЕ

0

Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты артып, қар, жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы15-25 м/с дейін жетеді. Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Осыған байланысты қордайлықтарға үйлерде ауа температурасын бақылауда ұстап, алыс жолға шығуда абай болуға шақырамыз. Салехард аудандарынан арктикалық суықтың тағы бір бөлігімен ауа температурасы төмендейді деп хабарлдайды Қазгидромет желтоқсан айына арналған ауа райына болжамын жасап. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -10-22С дейін, күндіз -3-13С дейін суытады.
Болжам бойынша 2022 жылғы желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының жиі өзгеруі күтіледі, аязды күндер жылы күндермен алмасып отырады.
Сонымен қатар қарды бұрқасын болады. Ал елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын көбіне жаңбыр және жылбысқы қар түрінде болады деп болжанады. Сондай-ақ көктайғақ құбылыстары мен тұман жиі байқалады. Бір ай ішінде циклондық белсенділіктің әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтіледі, ал солтүстік-батыс антициклондардың енуі кезінде бірнеше суық толқындар болжанады. Осылайша, желтоқсан айында ауа температурасының ауытқуының жиі байқалуы күтілуде. Жалпы, болжам бойынша желтоқсан айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, республиканың қиыр батысында, солтүстігінде нормадан 10С жоғары болады деп күтілуде.
Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде — нормадан көп, еліміздің шығыс бөлігінің басым аймағында, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста норма шамасында болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.