ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫН – ЗИЯН

0

Бүгінгі күнде энергетикалық сусындардың зиян-дығы туралы біреу білсе, біреу білмейді. Сондықтан, әсіресе жастар арасында көп тұтынылатын осы өнімнің зияндығы туралы айту — маңызды. Жалпы энергетикалық сусындардың құрамында кофеин және түрлі химиялық қоспалар болады. Алайда, ғалымдар адам ағзасына қаупі бар екенін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Себебі, сусын құрамындағы кофеин мен глюкоза көп мөлшерде кездеседі. Олар организмге түскен жағдайда, қан қысымы, жүрек соғысы, қант мөлшерінің көтерілуіне шалдықтырады. Сонымен қатар, кофеин мен аминқышықылдарына толы энергетикалық сусындар кем дегенде тіс эмалінің сарғаюына, ауыз қуысындағы қышқылдықтың бұзылуына, тіпті, адам ағзасындағы жүйке жүйесіне де өз зиянын тигізеді. Нәтижесінде төмендегідей аурулар пайда болады:
— адам күшінің құлдырауы;
— депрессия;
— ұйқысыздық;
— инфаркт;
— қант диабеті;
— қан қысымының жоғарылауы;
— гипергликемия;
— конвульсия;
— ашушаңдық;
— инсульт;
Энергетикалық сусындар Франция, Дания және Норвегияда ресми түрде рұқсат етілмеген және дәрі ретінде тек дәріханаларда сатылады.
Энергетикалық сусындардың құрамындағы дәрумендер мультидәруменді кешенді алмастыра алмайды.
Жүрек аурулары бар, гипо немесе гипертониямен ауыратын адамдарға энергетикалық сусындарды тұтыну құпталмайды.
Энергетикалық сусындар ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді деген тұжырым – дәлелсіз. Сусында ешқандай энергия жоқ, ол тек энергия қоздырушысы. Яғни, біз өз энергия қорымызды пайдаланамыз, қысқаша айтқанда, энергияны өзімізден қарызға ала тұрамыз. Алайда ерте ме, кеш пе бұл қарызды шаршағандық, ұйқысыздық, ашушаңдық түріндегі пайызбен қайтаруға тура келеді.
Басқа да ынталандырушылар сияқты энергетикалық сусындардың құрамындағы кофеин жүйке жүйесін әлсіретеді. Оның әсері 3-5 сағат сақталады, бұдан кейін ағзаға демалыс қажет. Сонымен қатар, кофеинге адам тез әуестенеді.
Глюкоза мен кофеиннен тұратын энергетикалық сусын жас ағза үшін өте зиян.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.