Жамбыл облысының ең ірі аудандарының бірі Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында жыл өткен сайын өсу көрсеткіші бар. Агроөнеркәсіп, мал шаруашылығы, шағын және орта бизнес, құрылыс, білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет сынды салаларды дамыту аясында қол жеткізген табыстар көңіл қуантарлық. Әсіресе экономиканы өсіруге, аудан бюджетін толықтыруға үлкен сеп болатын инвестиция тарту бойныша ауданда орасан зор жұмыстар атқарылуда. Мәселен, экономиканың негізгі тірегі — өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің көлемі 10 айлық көрсеткіш бойынша 103,9% орындалып, 23586,1 млн теңгені құраса, негізгі капиталға жалпы салынған инвестиция көлемі 53048,0 млн теңгені құрап, ертеңгі күнге деген сенім арта түскендей. Бұл ауданнның дамуына қосылып отырған қомақты үлес.
Аудан ауыл шаруашылығы саласы бойынша әр кезде алдыңғы қатарлардан көрініп келеді. Бұл Қордай жері табиғатының қолайлығы мен суармалы жерлерді тиімді пайдалана отырып, жаңа технологияны енгізумен байланысты. Ата кәсіпті арда тұтқан аудан тұрғындарының басым бөлігі ауыл шаруашылығында еңбектенеді.
Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 10 айда 87795,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 10 ауылдық округте 10 жоба іске асырылып, 39 жұмыс орны құрылды. (балық шаруашылығы -1, құс фермасы -1, су үнемдеу технологиясы — 1, мал бордақылау алаңдары-6, сүт өнімдерін өңдеу цехы-1).
Жыл өткен сайын өнім көлемі ұлғайып, инвестициялық жобалардың көлемі артуына ауданымыздағы «Благовещенко», «Қақпатас-Қордай» ЖШС, «Бай-Нұр», «Алмас», «Медет» сынды шаруа қожалықтары және «KazMeatKordai» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қосқан үлестері айрықша. Осындай ірі кәсіпорындардың қатарына бүгінде «ГринВилл», «Азия сад», «Қордай құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қосылып, ауыл шаруашылық саласының жаңа бағытта жандануына өз септігін тигізуде.
Ауданда жаңа технологияны қолдануда тиімді жүзеге асып, су үнемдеу технологиясын қолдану тәсілімен 13430 га алқап суғарылуда. 2022 жылға 600 га жоспарланып, 100 % орындалды (оның ішінде: тамшылатып суғару — 11717 га, жаңбырлатып суғару — 1713 га) болса, «BIRLIK KORDAI 2021» АШӨК — 300 га, «Азиз» ШҚ -100 га, «Айдана» ШҚ -75 га,»Сұлутөр» ШҚ 105 га жерге тамшылатып суғару құрылысын және «Жеңіс» ШҚ -20 га жерге жанбырлатып суғару қондырғыларын орнатты).
Қордай ауданы биылғы жылы да үлкен құрылыс алаңына айналып, көптеген игілікті істер қолға алынып отыр.
2022 жылы аудан бойынша 29 жоба жүзеге асырылып, осы мақсатқа бюджеттен 53,4 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде: білім саласында 2 нысан, денсаулық саласы — 4 нысан, ішкі істер органдары / төтенше жағдай — 3 нысан, тұрғын үй — 9 нысан, спорт саласы — 4 нысан, мәдениет саласы — 4 нысан, ИКИ — 3 нысан. Білім саласында 2 нысан — Арал ауылындағы 180 орындық мектеп пен Қалғұты ауылындағы 180 орындық мектептердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Денсаулық саласы бойынша да аса маңызды әлеуметтік нысандар 2 дәрігерлік амбулатория, Гвардейск қтк биозаводы және БСЛ-3 құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл құқық қорғау саласы үшін де қаражат бөлініп 2 полиция бөліміне ғимарат салына бастады.
«Асарлатып үй салу» бағдарламасы бойынша 2022 жылы аз қамтылған отбасыларға 15 жеке үй салып алу жоспарланған еді. Бүгінгі күнге отбасыға асарлатып үй берілді.
Адамның өмір сүру сапасына әсер ететін бірден бір фактор ол — ауыз су екені белгілі. Сондықтан да ауданымызда тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар кезең-кезеңмен шешілуде. Нәтижесінде аудан бойынша 32 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіліп, ауыз сумен қамту үлесі 78 пайызға жетті. 2022 жылы 4,1 млрд. теңгеге ауданның 5 елді мекенінде жаңа ауыз су желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 33 476 жастар бар, ол жалпы аудан халқының — 22,7%-ын құрайды.
2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 563 жас тұрақты жұмысқа орналасты, 135 жас қоғамдық жұмысқа жолданды, 129 жас «Жастар тәжірибесі» арқылы жұмысқа жолданды, 26 жас «Жастар тәжірибесі» арқылы тұрақты жұмысқа орналасты, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға 111 жас қайтарымсыз грантпен қамтамасыз етілді (1 272 000 теңгеден).
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2022 жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға 10 маманға 82,7 млн. теңге қаражат қарастырылса, аудандық бюджеттен көтерме жәрдем ақы әлеуметтік қолдау шараларына — 80 маманға 24,5 млн. теңге қаражат бөлінді.
АУДАН ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Prev Post
Next Post