«Қауіпсіз жол» акциясы жүргізілуде

0

Гвардейск гарнизонында жол-көлік оқиғаларының алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Ержан Мейрмановтың қатысуымен Әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастығы майор Қанат Закуляев «Қауіпсіз жол» акциясы аясында әскери қызметшілер арасында әуесқой автомобиль және әскери техника жүргізушілерімен сабақ өткізді.
Сабақ барысында жол-көлік оқиғалары мен жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және мас күйде басқару туралы және «Жол-көлік апатының алдын алу», «Қыс мезгілінде автокөлікті басқару ерекшеліктері» тақырыптары бойынша түсіндіріліп, жол-көлік оқиғалары туралы бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, 2022 жылға талдау жасалып, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет Жарғысының 263 тармағы гарнизоннан тыс шығу және Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларының қозғалу жылдамдығы туралы талаптары мен жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін негізгі айыппұлдар көлемі жеткізілді.
Әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шарада, гарнизон бастығы полковник Ержан Мейрманов, өз сөзінде автокөлікпен жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқау жүргізіп, жеке автокөліктерді қыс мезгілінде дұрыс пайдалану туралы талаптарын жеткізді.
– Бүгін жоспарға сәйкес жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында алдын алу іс-шарасын өткіздік. Бұдан бөлек әскери техника мен әскери қызметшілердің жеке автокөліктерінің жағдайын тексеріп отырамыз. Әрине бұл біздің жұмысымыз. Осы жұмыстардан жақсы нәтиже күтеміз, – деді әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастығы майор Қанат Закуляев.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.