19 қаңтар күні қылмыстық процесте тұлғаларға қысым қолдану, азаптау фактілерінің жолын кесу мақсатында аудан прокуратурасы аудандық ПБ-нің жеке құрамы арасында жоғарыда аталған заңбұзушылық деректерін болдырмас үшін аудан прокурорының төрағалығымен жедел-мәжіліс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиында аудан прокуроры Б.Ізбасаров 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаптауға қатысты қылмыстық істерді тергеу прокуратура органдарына жүктелгендігін және азаптауға қатысты қылмыстық жазаның күшейтілгендігін атап өтті.
Жиын барысында Қордай ауданы прокуратурасының прокуроры И.Ерланұлы «Тергеу мен анықтаудың заңсыз әдістерін қолдану, сондай-ақ азаптау істері бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар жедел-мәжілісте қылмыстық кудалау органымен қылмысқа арандату фактілерінің алдын алу және болдырмауды ұйымдастыру үшін аудан прокуратурасымен профилактикалық іс-шаралар жиі өткізілетіні айтылды.
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерге немесе жақындарыңызға қылмыстық қудалау органдары тарапынан ұрып-соғу сияқты қысымшылық көрсетілген жағдайда Қордай ауданы прокуратурасының сенім телефонына хабарласуларыңыз сұралады. Тел.: 2 16 32; 8 707 767 70 74
Азаптауға жол бермеу прокурорлардың қатаң бақылауында
Next Post