Көптеген адамдар, өздерін алдау оңай емес деп санайды, алайда, іс жүзінде жәбірленушілердің өздері, мүліктік және материалдық мәселелерін шешу мақсатында, қылмыскерлердің қолына түсетін жағдайларлар жиі кездеседі.
Мысалы, Шу ауданының тұрғыны орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің бұрынғы қызметкеріне сеніп, оған жер телімін бөлу үшін 2 млн. теңге берген, алайда, оның жер бөлуге мүмкіндігі болмаған, ал ақша қаражаттарын жеке басына жаратып жіберген. Тек сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан кейін ғана залал өтеліп, қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты ақталмайтын негіздермен өндірістен тоқтатылған.
Шын мәнінде адамдар өз мәселелерін шешу барысында делдалдарға жүгіну арқылы ерікті түрде алаяқтардың құрбанына айналуда.
Сондай-ақ, Тараз қалалық №2 сотының үкімімен Тараз қаласының тұрғыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, ол заң көмегіне мұқтаж адамдардың сенімін асыра пайдаланып, олардың мәселелерін соттарда және құқық қорғау органдарында шешуді ұсынған. Сөйтіп өзінің қылмыстық әрекеттерімен бүгінгі күнге дейін өтелмей келген бірнеше миллиондық залал келтірген.
Сонымен қатар, қылмыскерлер өздерінің қылмыстық мақсаттарына жетудің құралы ретінде интернетті жиі қолданады.
Мысалы, Тараз қалалық №2 сотының үкімімен Тараз қаласының тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылды, ол «Телеграм» әлеуметтік желісінде «Фартуна», «Фарт», «Сенім» және «Көмек» топтарының жазылушыларына, олармен салынған ақшалай қаражаттарды 50%-ға ұлғайтып беретіндігіне сендірген.
Осылайша, 8 азаматты алдап, олардың 700 000 теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденіп, бүгінгі күнге дейін қайтармаған.
Жәбірленушілердің өздері оңай және тез ақша табуға үміттеніп, ақшаларын аударған, өз кезегінде ресми пайыздық мөлшерлемелер тек заңды қаржы институттарында болуы мүмкін.
Құрметті Қордай ауданының тұрғындары! Пайдалы ұсыныстар мен кез-келген ақпаратты тексеріңіздер, күмәнді ұсыныстардан аулақ болыңыздар. Бұл жағдайда Сіздердің мүліктерінің сақталады.
Бұдан басқа, құқық бұзушыларды заңмен көзделген қатаң қылмыстық жауапкершілік және алаяқтық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы туралы ескертеміз.
Қордай ауданының прокуратурасы