ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ДҮМПУІ КЕЗІНДЕ

0

Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе үстелдің астына кіріңіз – олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.
Есте сақтаңыз: жер қабатының қозғалысы жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:
-ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы;
-сынған шынылардың құлауы;
-үзілген электрсымдары;
-пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
-өрт.
Жер сілкінісінен кейін:
Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.
Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе.
Радиоқабылдағышты қосыңыз. Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз. Ашық отты пайдаланбаңыз. Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.
Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.
Анық зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама дүмпуге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат едәуір қауіпті болып табылады, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және, тіпті,ай өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бірінші жер сілкінісінен көп уақыт өткен сайын, соғұрлым қайталану ықтималдығы аз.
Крэш-синдром деп аталатын ұзақ уақыттағы жаншу синдромы – ең қауіпті жарақаттардың бірі. Ауыр заттардың: құрылыс жиынтықтарының сынықтары, сынған ағаштардың діңгектері, массивті жиһаз бен сол тектес заттардың адамның қолы немесе аяғына ұзақ уақыт бойы жаншуы кезінде – аяқ-қолдардағы қан айналымы тоқтап қалады. Бұл адам ағзасындағы зат алмасуының бұзылуына әкеледі. Крэш-синдромның салдары ампутациямен көп жағдайда байланысты. Зардап шеккен адамда ұзақ уақыттағы жаншу синдромы бар екенін анықтаған уақытта, зардап шеккенді қарап шығыңыз; ауруды басатын дәрмек беріңіз; жаншылған жерінен жоғары бұрау қойыңыз; кеңістікті босатып алып, оны жылытыңыз. Есте сақтаңыз: бір минутты да жоғалтуға болмайды. Адамды ауруханаға дереу жеткізіңіз.
ҒИМАРАТТЫҢ ҚҰЛАУЫ
Аяқ асты ғимараттың толық немесе жекелеген құлауы – бұл ғимаратты жобалау кезінде кеткен қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізген уақыттағы жобадан алшақтау, ғимаратты немесе оның бөліктерін эксплуатациялау кезіндегі монтаж ережелерін бұзу салдарынан туындаған төтенше жағдайлар, сонымен қатар табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардың салдары.
Құлауға көп жағдайда террорлық акт салдары болып табылатын жарылыстар, тұрмыстық газ құбырларының қате эксплуатациялануы, отты қауіпті пайдалану, ғимарат ішінде жеңіл жанатын және жарылыс қаупі бар заттарды сақтау да септігін тигізеді.
Үйінді кезінде қалай әрекет ету қажет
Терең демалыңыз, дағбырға бой алдырмаңыз, ең маңыздысы ойыңызды жинақтаңыз, кез-келген жолмен тірі қалуға тырысыңыз, көмектің міндетті түрде келетініне сеніңіз. Мүмкіндігінше өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Болған жағдайға икемделуге тырысыңыз және жан-жағыңызға қараңыз, мүмкін жолын іздестіріңіз. Сіз қайда екеніңізді, өзге адамдар қасыңызда бар-жоғын анықтауға тырысыңыз: тыңдаңыз, дыбыс білдіріңіз. Адам энергиясын бекерге шығындамаған жағдайда шөл мен аштыққа ұзақ уақыт бойы шыдауы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Қалтаңыздан немесе жақын арадан жарық немесе дыбыс сигналдарын беруші (мысалы, қалташамы, айна, сонымен қатар құбырды немесе қабырғаны ұруға мүмкіндік беретін металл заттар, сол арқылы назар аудару) заттарды іздестіріп көріңіз. Егер тар тесік жалғыз шығу жолы болса – сол арқылы өтіңіз. Ол үшін бұлшық еттеріңізді босаңсытыңыз және шынтағыңызды денеңізге бүркеп қимылдаңыз.

Қ.ДҮЙСЕН, Қордай ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.