Жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Енді осы экстремизмнің мағынасын түсіндіріп көрелік. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс-әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі. Экстремизмнің негізгі белгілері: біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық кұрылымды үзілді-кесілді мойындамайды, оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режімін орнатуға ұмтылады. Сонымен, «діни экстремизм» дегеніміз – қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насихаттау. Жоғарыда аталған іс-әрекеттерді жасайтындарды, сәйкесінше, экстремистер дейді. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Айтқандай, экстремизмнің қай түрі болса да тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақтық тұтастығына, азаматтардың құқығына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді.
Қазақстан өз тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс-шараларын айтуға болады. Қазақстан өзі мүше болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында да халықаралық экстремизммен күресін жалғастыруда.
Алға ауылдық округі әкімінің аппараты