Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлері оқу орталығының курсанттары танк қару-жарағынан штаттық снарядпен оқ атуды орындады.
Танк әскерлері әскери мектебінің жеке құрамы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес танк қару-жарағынан бақылау ату жаттығуын орындады.
Жаттығуды орындау барысында танк нысанасын, танкіге қарсы граната атқыш және автокөлік қозғалысындағы шегінусіз зеңбірек нысаналарын жойды.
Оқ ату сабағында жеке құрам қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, білімдері мен дағдыларын арттырды.
Әскери бөлім командирі ұлан полковнигі Сәбит Үркінбаев оқ ату дайындығы сабағының соңында қорытынды жасап, үздіктерді мараппаттады.
– Курсанттар жаттығуды орындау кезінде өз білімдері мен дағдыларын іс-жүзінде көрсете білді. Взвод және танк командирлері өздерінің экипаждарын басқаруда тәжірибелерін шыңдады, – деп айтып өтті кіші мамандар даярлайтын танк әскерлері әскери мекетебінің бастығы ұлан подполковнигі Руслан Жамұқов.
– Бүгін Т-72 танк қару-жарағынан штаттық атыс жаттығуларын орындадық. Атыс дайындығы сабағының мақсаты жаудың тірі күші мен әскери техникасының көзін жою. Біз бұл жаттығуды ойдағыдай жүзеге асырдық. Алдағы уақытта алған білімімізді оқу-жаттығуларда үздік көрсеткіштер көрсететінімізге сенімдімін, – дейді қатардағы жауынгер Амандық Бейсембаев
Кіші мамандар даярлайтын оқу орталығының курсанттары алты ай көлемінде әскери мамандық бойынша білім алып, әрі қарай қызметтерін жалғастыру үшін Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдеріне жіберілетінін айта кеткен жөн.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі