ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БЕГЗАТ БОЛАТБЕКОВТЫҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті жерлестер!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын.
Наурыз тек адамзат баласы емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы. Бұл мерекенің қазақ халқы үшін де, елімізді мекендеген түрлі ұлт өкілдері үшін де жөні бөлек.
Наурыз мейрамы көктем мен жаңаруды айшықтайтын, күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерейі тасыған ұлы мереке.
Бұл өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Ұлы даланың биік рухымен, тәңірге сыйынған тәкәппар мінезінен басталатын Наурыз – халықтық тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің көрінісі, биік рухымыздың, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің, салт-дәстүріміздің, тіліміз бен діліміздің өзегі.
Наурыз – жыл басы ғана емес, бұл, ең алдымен, ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Наурыз – рухани тазару мен үйлесімнің, бейбітшілік пен берекенің символы.
Наурыз айының 21-нен 22-іне қараған күн мен түннің теңесер тұсындағы ежелгі мейрам халқымыздың салтындағы қонақжайлылықты, ынтымақтастық пен береке-бірлікті көрсетеді. Наурыз келгенде ақ молаяды, жарық ұзарады, тіршілік жаңарады, пейіл түзеледі.

Құрметті қордайлықтар!
Ұлыстың Ұлы күні мерекесінде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін! Әз-Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер,
молшылық пен татулық әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Мереке құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.