ЗАҢСЫЗ САҚТАЛУДАҒЫ АТЫС ҚАРУЫН, ОҚ-ДӘРІЛЕР МЕН ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАРДЫ САТЫП АЛУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ АКЦИЯ ӨТЕДІ
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізіледі.
Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қару мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 10 айлық есеп көрсеткішінен 100 айлық есеп көрсеткішіне дейін сыйақы белгілеп отыр, бұл заттарды аймақтық ішкі істер бөлімдерінде қабылдайды.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады. Мына телефондарға немесе келесі мекенжайларға хабарласуға болады:
Қордай АПБ (Қордай ауылы, Жібек жолы к. 282 А) Тел.: 2-20-02.
Қордай АПБ кезекші бөлімі, Тел.: «102».