ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

0

Кордай аудандық пробация қызметі бөлімі есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жұмысын басты назарда ұстайды. Есепте тұрған азаматтар Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жолданылып тұрады.
Мәселен, жақында аудандық пробация есебінде тұрған «К» есiмдi сотталған азамат халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Құқықтық әлеуметтік көмек көрсету пробация қызметінің басты назарында. Қазіргі таңда Кордай аудандық пробация есебінде 130 сотталған есепте тiркеуде тұр. Оның 114 сотталған азаматы тұрақты жұмыспен қамтылған. Жыл сайын түзеу мекемелерінен босап шыққан сотталғандарға бiр реттiк көмек ретінде 15 АЕК ретінде қаржылық қолдау көрсетіліп тұрады.

Ғ.ӘБДІРАЗАҚОВ, Кордай аудандық пробация қызметі бөлiмінің бастығы, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.