«ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» – БІРЕГЕЙ МҮМКІНДІК

0

«Жастар тәжірибесі» оқуын жаңа бітіріп, жұмыс істеуге құлшынып тұрған жастардың сағын сындырмай, мамандығы бойынша сәтті жұмысқа орналасып кетуіне мүмкіндік беріп отырған бірегей жоба. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге бағытталған бағдарламаның шапағатын бүгінде қордайлықтар да көруде. Солардың бірі Жамбыл ауылының тұрғыны – Камила Ещанова. Камила Оралбайқызы 2022 жылы Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып, көп ұзамай «Жастар тәжірибесімен» бастауыш сынып мұғалімі ретінде «Болашақ шуағы» ЖШС-не жолданды. Жас маман «Жастар тәжірибесін» сәтті аяқтап, биыл, 13 сәуірден бастап «Болашақ шуағы» ЖШС-не тұрақты жұмысқа қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.