Құрметті Сарыбұлақ ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Абенов Бахтияр Хажимуханұлы Қордай ауданы, Беріктас ауылында дүниеге келіп, Сарыбұлақ ауылында өстім. 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Су және су ресурстарын пайдалану» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2038 әскери бөлімінде келісім-шарт бойынша әскери қызметінен бастадым. Қазіргі таңда Қордай ауданында «КазСуШар» мекемесінде бөлім басшысы лауазымында қызмет атқарып келемін. Қызмет барысында аудандағы шаруа қожалықтарымен суармалы су мәселесі бойынша жұмыс атқардым. Округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, ауыл тұрғындарының күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын жақсы түсінемін. Нашар жолдар, ауыз су, табиғи газ, интернет байланысы және жайылым мәселелері – мұның барлығы маған таныс. Бүгін мен осы мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатынын нақты білемін! Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай алатын боламын!
Ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!
Мен әрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: +7 702 292 24 91
Email: Abenov.24B@mail.ru
Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
— 2024 жылы Сарыбұлақ ауылынан өтетін Қордай-Шу республикалық маңызы бар жолға бейнебақылау орнатуға;
— 2023-2024 жылдары Сарыбұлақ, Қайнар ауылдарындағы жайылым жерлердің жетіспеушілігі мәселесіне;
— 2023-2025 жылдары Сарыбұлақ және Қайнар ауылдарының көшелеріне жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
— 2023-2024 жылдары Сарыбұлақ ауылындағы жаңа массивтегі Атамекен, Жосалы, Жаңа күш көшелеріне көше жарығы мен тұрғын үйлерге электр жүйесін қосуға;
— 2024 жылы Сарыбұлақ ауылы Талдыбұлақ, Самал, Өтеген көшелеріне жарықтандыру орнатуға;
— 2025 жылы Сарыбұлақ ауылындағы №31 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
— 2023-2024 жылдары Сарыбұлақ ауылының жаңа құрылыс тұрғындарының үй, жер мәселесі бойынша 2007 жылда алынған құжаттарын рәсімдеуге;
— 2023-2024 жылдары Қайнар ауылындағы Ақбұлақ балабақшасында газ жүргізуге;
— 2023-2024 жылдары Қайнар ауылында Керуен көшесіне инфрақұрылым жүргізуге;
— 2023 жылы Сарыбұлақ және Қайнар ауылдарына ауыз су жүйесін ауыстыру жұмыстарын аяқтауға;
— 2023 жылы Қайнар ауылына балаларға арналған ойын алаңшасы және стритворкаут жасауға;
— Игерілмей жатқан бос жерлерді қайтаруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасының іске асырылуына бар күшімді жұмсайтын боламын.
Осы жоғарыда аталған мәселелердің шешілуі бойынша бар күш-жігерімді салып, ықпал ететін боламын.
Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен белгілі бір деңгейдегі тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.
Сіздер де өз тараптарыңыздан өзгеріске құлшыныс жасасаңыздар жаңа кезеңге бірге аяқ басатынымызға сенімдімін!
ҚОРДАЙ АУДАНЫ, САРЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ АБЕНОВ БАХТИЯР ХАЖИМУХАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Prev Post