ПЕДАГОГТЕРДІҢ ПӘНДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ

0

Ұстаздардың педагогикалық тәжірибесі мен тұрақты түрде кәсіби біліктіліктерін арттыруы – оқушылардың білім сапасына әсер ететіні белгілі. Сондықтан, педагогтердің білім саласындағы жаңалықтардан хабардар болып, үнемі ізденіс үстінде жүруі маңызды.

24 сәуір мен 5 мамыр аралығында №3 Абай атындағы орта мектебінде «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің базалық және пәндік құзіреттіліктерін дамыту, педагогтердің біліктілігін арттыру» курсы өтті. Шараға аудан бойынша қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, кәсіби деңгейлерін арттыруға мүмкіндік алды.
Курс бағдарламасы «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың теориялық, практикалық және әдістемелік негіздері тұрғысынан пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, мәтін лингвистикасы, стилистика, мәтін талдау (тыңдалым/оқылым), көркем шығарманы оқыту және талдау, әдебиет теориясы, қазақ тілі пәнінде тіл салаларын оқыту: әдеби тіл нормалары, жазылым дағдысы: әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, айтылым: сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнер, оқырмандық сауаттылық: әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқыту сынды күрделі тақырыптар қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.