Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 2023 жылы «2021-2025 жылдардарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқу екі түрде өтеді:
Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқумен қамтамасыз ету: Жұмыс беруші сұранысы негізінде ұйымдастырылады, жұмыссыз оқуды сәтті аяқтаған кезде жұмыс беруші өз сұранысына сәйкес жұмыссызды тұрақты жұмысқа кемінде 12 (он екі) айға қабылдайды. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа қабылдаған соң, ай сайынғы міндетті зейнетақы төлемдерін төлеу керек.
Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту: жұмыс берушінің сұранысына сәйкес ұйымдастырылады. Жұмыс беруші өзіне керек маманды өз жұмыс орнында оқытып тұрақты жұмыс орнына қабылдайды. Жұмыс берушіде жұмыссызды оқыту үшін өндірісте кемінде бір жыл кәсіптік практикалық жұмыс өтілі бар оқытушылардың болуы тиіс.
Кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің меншік нысанына қарамастан олардың сұранысы бойынша ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан аса қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.
Оқу кезеңінде жұмыссыздарға еңбекақы немесе шәкіртақы төленеді. Жұмыс орнында оқытатын жұмыс берушіге оқыту ақысы төленеді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға ниет білдірген азаматтар Қордай ауданы әкімдігінің ХЖҚО-на жолығуларына болады. Мекенжайымыз: Қордай ауылы Белашов көшесі 3, тел.: 4-84-96
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУҒА АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ БАСТАЛДЫ
Prev Post
Next Post