ДІНИ АХУАЛ БАСТЫ НАЗАРДА

0

Ауданда ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар легі жалғасын табуда. Бұл жолы облыс орталығынан «Діни мәселелер» тобының мүшелері келді. Аталмыш топ Қордай ауданының бірнеше ауылдық округтерінде болып, жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен жіті танысуды жоспарлауда.  Сондай-ақ, дін саласындағы өзекті мәселелердің шешу жолын да қарастырып, тұрғындар сауалына құлақ түрмек.

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров жетекші еткен «Діни мәселелер» тобы алдымен аудан әкімдігінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары және діни бірлестік өкілдерімен кездесті. Аталмыш топ құрамына дін істері басқармасының мүшелері, беделді имамдар және теолог мамандары кірді.

Жиынға аудан әкімі Рүстем Дәулет төрағалық етіп, облыс орталығынан келген қонақтарды көпшілікпен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Сөз кезегін алған Жангелді Омаров Қордай ауданына келген мақсаты мен міндеттерін назарға ұсынып, жұмыс жоспарымен таныстырып шықты. Белгілі болғандай, аталған топ мүшелері ауданымызда бес топқа бөлініп, аудандағы діни ахуалды зерделеу жұмыстарымен қатар, дәстүрлі емес діни бағыттағы азаматтармен жеке кездесулер ұйымдастырып, жеке сұрақтар бойынша қабылдайтын болады.

Жиын барысында құқық қорғау органдарының басшылары аудандағы дін саласына қатысты бірнеше өзекті мәселені көтеріп, «Діни мәселелер» тобының мүшелерінің назарына жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.