ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ

0

eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасында «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» қызметі қолжетімді.
Мемлекеттік қызметті келесі топтар қолдана алады:
— дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;
— қызмет көрсету саласының қызметкерлері, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары;
— қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдердің қызметкерлері;
— мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалар санаториялық-курорттық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері;
— жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері;
— қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;
— жалпы білім беретін мектептерге, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткерлерге, студенттерге және т.б.
Қызмет көрсету нәтижесі №075-у нысанында берілген медициналық анықтама немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Қызмет eGov.kz порталында «Азаматтарға» — «Денсаулық сақтау» — «Медициналық көмек» бөлімінде, eGov Mobile қосымшасында «Денсаулық сақтау» бөлімінде қолжетімді.

Сонымен қатар, EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат — «Аңшы куәлігі» қолжетімді.
Электрондық құжат 2023 жылдың қаңтарынан бастап рәсімдеген азаматтар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, басты бетте «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Басқа құжаттар» блогындағы «Аңшы куәлігі» батырмасын таңдау керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.