Қордай ауданы әкімдігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын қолдану тәртібі бойынша әдістемелік көмек көрсету бойынша семинар өтті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өзекті мәселелері бойынша, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау және оларға талдау жүргізу мәселері бойынша және ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын қолдану тәртібі бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен семинарда Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Ғалия Боранбаева, облыс әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Молдашев, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы Диана Искакова, облыс әкімі аппаратының заң қызметінің бас инспекторы Қарашаш Аубакирова, Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Айдар Тажиков, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Алмас Тулеубаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Жанаділ Құрбанов, «ҰАТ» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілдігінің қызметкері Ғабит Құдайқұлов жоғарыда аталған мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берді.
Жиын соңында Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл облыстан келген қонақтарға алғысын жеткізіп, мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл саласын одан әрі жетілдіру, азаматтардың сұраныстарына дұрыс және объективті жауап беру, көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсыну барысында жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.