КҮНБАТЫС АУЫЛЫ ТАЗА АУЫЗ СУҒА ҚОСЫЛДЫ

0

Қордай ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы ретте Масаншы ауылдық округіне қарасты Күнбатыс-2 ауылында жаңа су құбыры желісінің құрылысы басталып, өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға серпін беретін маңызды жоба аяқталып, қолданысқа берілді.
Аталған жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын тұрақты әрі қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз ету, тұрмыс сапасын жақсарту және ауылдық аумақтардың инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру. Тапсырыс беруші – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Ауыл үшін маңызды шараның салтанатты ашылуына Қорадй ауданы әкімінң орынбасары Жұлдызбек Бақаев қатысып, тұрғындарды құттықтап, игілікті істің аудан көлемінде жағасын табатынын жеткізіп, ауыл үлкендерімен бірге нысанның лентасын қиды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.