Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарынан күміс жүлдемен оралған Қазақстан су добы құрамасының спортшылары елге келді, деп хабарлайды

0

Аичи-Нагоя өңірінде өткен дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, екінші орыннан көрінген Жамбыл облысының төрт саңлағына құрмет көрсетілді.

Олар – Сұлтан Шонжигитов, Ақжан Адай, Нұрасыл Сәтберген және Эдуард Цой.

Жамбылдық спортшылар Азия құрлығындағы айтулы бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық құраманың жүлдесіне өз үлестерін қосты.

Күміс жүлдегерлерді елге оралуымен спорт саласының өкілдері, жақындары мен жанкүйерлері құттықтап, жеңісті жолына сәттілік тіледі.

Бұл жетістік – Жамбыл облысында су добын дамыту бағытындағы жұмыстардың және өңір спортшыларының жоғары деңгейдегі дайындығының нәтижесін көрсетеді

Leave A Reply

Your email address will not be published.