Табиғи өрттердің негізгі себептері – адами факторлар. Тұрғындар даладағы қоқыс-қалдықтарды, шөптерді өртеп жатады. Артынан қатты жел соқса, оттың ұшқындарын қалыптастырып, өрт орын алуы мүмкін.
Сонымен қатар, еліміздің аумағында күннің аптап ысуына байланысты дала өрттері болып жатады. Көп жағдайларда дала өрттері адамдардың абайсыздығынан пайда болады.
Көкке шыққан азаматтардың жаққан оттарын өшірмей кететіндіктерінен немесе көлік жүргізушілерінің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан, ашық алаңқайда қоқысты немесе құрғақ шөптерді жағуы және т.б. салдардан пайда болады. Сол себепті, осы кезеңде көкке шыққан азаматтардың далалы аймақта өте сақ болуы және өрт қауіпсіздігі қағидаларының шараларын сақтап, өте мұқият болуы қажет.
Ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ тұрғын үйлердің және басқа ғимараттардың аумағы тез жанғыш қалдықтардан, жапырақ қалдықтарынан, құрғақ шөптерден және т.б. қоқыстардан тазалануы керек.
Ашық өрт жағуға, қалдықтарды өртеуге тыйым салынады. Әрбір тұрғын үйлердің жанына су бөшкелерін және өрт сөндіргіштерді орналастыруға болады.
Жазғы мезгілде ата-аналар балаларға ерекше назар аударуы тиіс. Балаларға сіріңкемен ойнауға болмайтынын түсіндіру керек. Өзініздің істеріңізбен балаларды өрт қауіпсіздік ережелеріне үйретіңіз!
Қ.Дүйсен, Қордай ауданы ТЖБ аға анықтаушысы, аға лейтенант